Өңірлер

Қоғам белсендісі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімін ашық дебатқа шақырды

© Photo : Пресс-служба акима Южно-Казахстанской областиЖансейіт Түймебаев
Жансейіт Түймебаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айгүл Орынбек облыс басшысын тікелей эфирде пікір таластыруға шақырды

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Белгілі блогер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты ашық дебатқа шақырды. Бұл туралы заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі тікелей эфирдегі дебатқа дайын екенін айтты

Қоғам белсендісі облыстағы бірқатар проблеманы тізіп көрсеткен. 

"Түркістан қаласы əлеуметтік мекеме қызметкерлері басшыларына қарсы шығып, бұл дау Астана каналынан көрсетті. Шымкент қаласы Дін зерттеу орталығының 99% қызметкерлері экс имам басшыларына қарсы шықса да, басшы қайта келіп отыр. Сарыағаш ауданы "Дау-дамай" бағдарламасына түсіп, өз басшыларының жемқор екенін айтқан мұғалімдер жұмыстан қудаланған. Шымкент қаласы "Саут строй" компаниясың қызметкерлері тамыз айынан бері айлықтарын аламай отыр. Мақтаралда Фирдоуси ауылы жайлы бүкіл құзырлы органдар біледі. Бірақ шешіліп жатқан мəселе жоқ! Жаза берсем өте көп шағым. Қайсыбірін тізіп отырам? Облыс әкімі кім? Неге облыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етпейді?", — деп жазған Орынбек облыс әкімі Жансейіт Түймебаевты ашық дебатқа шақырады. 

"Жалпы, маған келіп түскен шағымдарды əлеуметтік желіде жазу арқылы ғана шешуге болатын сияқты. Елбасымыздың жолдауында "халықпен ашық жұмыс істеп, халыққа жақын болыңдар" деп айтылған. Ал біздікілер кабинеттерінде қамалып, тығылып отырады. Сол себептен Оңтүстік халқының проблемасын фейсбук желісінде әкіммен кездесіп, тікелей эфир арқылы шешуге шақырамын!", — деп жазды блогер. 

Еске сала кетсек, биыл жазда отандық телеарналардың бірінде денсаулық сақтау министрі Елжан біртанов пен белгілі экономист Рақым Ошақбаев арасында дебат өтіп, олар міндетті әлеуметттік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша пікір таластырған болатын. Бұдан бөлек, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті тікелей эфирдегі "жекпе-жекке" шақырған еді. Бірақ Тайжанның бұл ұсынысын Сағадиев жауапсыз қалдырды. 


Жаңалықтар
0