Экономика

Қазатомөнеркәсіп уран өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуУран өндірісі
Уран өндірісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уран өндіру көлемі 20%-ға қысқартылмақ

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Табиғи уран өндірісіндегі әлемдік көшбасшы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндіріс деңгейін нарықтағы сұранысқа сәйкес келтіру мақсатында, жер қойнауын пайдалану келісімдері бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20% қысқартатынын хабарлайды, делінген ресми хабарламада.

Уран - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан әлемдік нарықтағы уран бағасын көтеру үшін оның өндірісін 10%-ға қысқартты

Жоспарланған қысқарту 2018 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылып, үш жылға созылады. Нәтижесінде, жалпы алғанда, үшжылдық мерзімде Қазақстандық уран өндірісі шамамен 11 мың тоннаға қысқармақ. 2018 жылы уран шамамен 4 мың тоннаға кем өндірілуі мүмкін, бұл көрсеткіш "UxC" (4-ші тоқсан UMO есебі) 2018 жылға болжаған әлемдік уран өндірісі ауқымының 7,5 % құрайды.

Қазатомөнеркәсіп бұл шешімі жөнінде барлық сатып алушыларына хабарлап, аталған іс-шаралар өнім жеткізу келісімдеріне кері әсерін тигізбейтінін растады.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазіргі нарықтағы жағдайға сәйкес, сондай-ақ табиғи уран нарығындағы өнім ұсынысының тұрақты артықшылығын ескере отырып, өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөніндегі стратегиялық шешім қабылданды. 

"Аталған іс-шаралар біздің уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ұстанымымызды көрсетеді, себебі уран өндіру дүние жүзіндегі көмірқышқылынан ада, таза электр энергия өндірудің маңызды элементі болып табылады", — дейді басқарма төрағасы.

Жаңалықтар
0