АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда дүйсенбі көлік ішінен қарт адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
"Кеше сағат 12 шамасында Mercedes автокөлігінің ішінен 63 жастағы зейнеткердің денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ", — деді Құдияров.
Оның айтуынша, тиісті сараптамалар жасалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адамның денесі табылған көлік Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінің жанында тұрақта тұрған.