АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық шекарашылар Қызыл кітапқа енген оннан астам сұңқарды Катарға заңсыз шығаруға жол бермеді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Шекара жасағы Алматы әуежайында Алматы-Доха рейсіне жүкті тиеу барысында өткізу пунктінде үш ағаш жәшікті тапты. Олардың ішінде 14 сұңқар болған, құстардың идентификациялық сақинасы жоқ болып шықты.
Аталмыш дерек бойынша тиісті органдарға хабар берілген.