Өңірлер

Еліміздің төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстауда, Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, Қызылорда облысында тұман түседі

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Маңғыстау облысында 5 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыс бағытында жел күшейеді — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында 5-6 желтоқсанда кей жерлерде оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан жел күшейеді — 15-20 м/с, қар жауып, боран соғады, желдің ұйытқуы — 23 м/с. Оралда оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 18 м/с, ұйытқуы 20 м/с.

Қызылорда облысында 2-8 желтоқсанда тұман түседі деп күтіледі.

5 желтоқсанда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар қалың жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Жаңалықтар
0