Өңірлер

Көкшетау көші-қон полициясының бөлім басшысы ұсталды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам заңсыз көші-қон ұйымдастырды және лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікке ілінді

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Көкшетау көші-қон полициясының бөлім басшысы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.  

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
БҚО-да 101 миллион теңге пара алған шенеунік сотталды
Тергеудің мәліметінше, Көкшетау ІІБ көші-қон қызметінің бөлім басшысы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады, заңсыз көші-қон ұйымдастырды және лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікке ілінді. Күдіктіні ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті ұстап, уақытша ұстау абақтысына жапты.   

Тергеу күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қабылдау туралы сотқа өтініш түсірді. Ал адвокаттар оны кепілмен босатуды сұрады.     

Көкшетау қалалық соты ұсынылған материалдардың негізінде 32 жастағы күдіктіні екі айға қамауға қаулы шығарды.   


Жаңалықтар
0