Әлем

Йеменнің экс-президентін көтерілісшілер өлтірді – БАҚ

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуЙемен Республикасының бұрынғы президенті Әли Абдалла Салех
Йемен Республикасының бұрынғы президенті Әли Абдалла Салех - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Интернетте Йеменнің бұрынғы басшысына ұқас ер адамның өлтірілгені туралы видео жарияланды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Йеменнің экс-президенті Әли Абдалла Салех көтерілісші хуситтердің қолынан қаза тапты, деп жазды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Салехтің өлтірілгені туралы ақпаратты Al-Masirah телеарнасына  көтерілісші хуситтердің бақылауындағы ІІМ хабарлаған.  

 Салех басқарған "Жалпыға ортақ халық конгресі" партиясының шенеунігі бұрынғы мемлекет басшысының қаза болғанын растады, деп ақпарат таратты Al-Arabiya телеарнасы. 

Сонымен қатар желіде қарулы адамдар экс-президенттің денесін көлікке салып жатқаны түсірілген видео тарады. 

 Кадрда қарулы адамдар Әли Абдалла Салехке ұқсас адамның денесін ұрандатып алып бара жатқаны көрінеді. Көрпеге оралған адам басынан жарақаттанған.      


Жаңалықтар
0