Саясат

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы тағайындалды

© Photo : primeminister.kzЕркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды
Еркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Еркін Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Еркін Оңғарбаев Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы тағайындалды

Еркін Оңғарбаев 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында түрлі қызметтер атқарды.

2007 жылдан 2010 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне төрағалық етті. Сондай-ақ, "Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ атқарушы директоры, "Астана" университетінің ректоры, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры қызметтерін атқарды.

2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып келді.

Заң ғылымдарының докторы ғылыми атағының иесі, "Құрмет" ордені мен "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" атағының иегері.


Жаңалықтар
0