АСТАНА, 4 желтоқсан— Sputnik. Павлодар облысының қоныс қолониясында бөлім бастығы қылмысты жасыру үшін сотталушыдан алған параны жеп қойды, деп хабарлады Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушы И. тұтқын Г.-ны ақашалай сыйақыға "АП-162/10" РММ аумағынан түнгі уақытта шығаруға келіскен.
"Телефонмен әңгіме барысында сотталушы тұтқыннан азық-түлік талап еткен. 2017 жылдың 1 шілдесінде Г. мекемеге келіп, бақылау-өткізу пунктінде И.-ге сегіз мың теңге ақшалай қаражат пен азық-түлік салынған пакетті берген", — деп хабарлады соттағылар.
Күдіктіні ұстау кезінде заңсыз әрекетінің әшкере болуынан қорыққан И. ақшалай қаражатты жұтып жіберген. Кейінірек оның асқазанындағы ақша шығарылған.
Сот үкімімен И.-ге параның алпыс есе көлемінде, 530 400 теңге айыппұл салу түрінде жаза кесілді. Оның мүлкі тәркіленеді және өмір бойына мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істей алмайды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.