Әлем

Даулы видеоның кейіпкері: "Мен ұлымды тепкен жоқпын!"

© SputnikКуәгер ер адам жерде жатқан баланы тепкенін видеоға түсіріп алды
Куәгер ер адам жерде жатқан баланы тепкенін видеоға түсіріп алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала "құрсақ қуысының жарақаты" деген диагнозбен балалар ауруханасына жеткізілді

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Баласының ішінен тепкен бішкектік Бариер Адиев видеожазбаның монтаждалғанын айтып,    кінәсін мойындамай отыр, деп хабарлады 24.kg құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.  

50 жастағы ер адам өз жауабында 2 желтоқсан күні ұлы Эльханмен серуендеуге шыққанын хабарлады. Бала үйге қайтқысы келмей, жерде жатып алған. Сондықтан әкесі "ұлына көмектесіп жіберіпті", баланы үйге әкеліп, шаруаларымен кетіп қалған.   

Бала - Sputnik Қазақстан
Сәбиді бір тепкен ер адамның кім екені анықталды
Бариер Адиев видеоның "монтаж" екенін айтып, кінәсін мойындамай отыр.  

Болған оқиға туралы оның бірге тұрған әйелі Әсел Ержанова әлеуметтік желілердегі видеодан білген. Ол күйеуіне қоңырау шалып, екеуі ұрсысып қалған.  

Әйел милицияға баланың күртесі кір болып қалғанын көріп, күйеуінен не болғанын сұрағанын айтқан. Ер адам үстін жерге жатып бүлдірді деп жауап берген.    

Әсел Ержанова жанжалдан кейін баласын алып, туыстарының үйіне кетіп қалған.  

Кейінірек Эльхан "құрсақ қуысының жарақаты" деген диагнозбен балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.   


Жаңалықтар
0