АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Евгений Корешков жексенбі күні шәкірттері "Металлург" командасынан ұтылған соң, таяу арада жеңіске жетеміз деп сенім білдірді.
"Барыс" "Металлургке" матчтың негізгі уақытында 3:4 есебімен ұтылды.
"Барыс" осымен жетінші рет жеңіліске ұшырап отыр – соңғы рет тұрақты маусымда елордалық клуб 5 қарашада ЦСКА командасын ұтқан еді.
"Шабуыл жасауға қаншама тер төгіп, оп-оңай жерден гол жіберіп аламыз. Енді осы балансты өзгертіп, көбірек шайба соғып, қақпамызды мұқият қорғауға тиіспіз. Құлдыраудан айығып, команда біртіндеп күш жинап келеді. Жеңіс күні де алыста емес деп ойлаймын, алдағы ойындарда міндетті түрде жеңеміз. Оның үстіне келесі ойынымыз негізгі бәсекелесіміз — "Тракторға" қарсы өтеді. Қарсыласты тағы бір рет зерттеп, дайындалып, жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", — дейді "Барыс" бас бапкері.
Осы ойыннан соң "Барыс" Құрылықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында турнирлік кестеде бесінші орыннан алтыншы орынға сырғыды. Келесі ойын 5 желтоқсанда Астанада "Трактор" клубына қарсы өтпек.