Әлем

Бір күнде әлемге танылған 17 жастағы ирандық қыз: Анджелина Джолиге ұқсағым келмеген

© Photo : из личного архиваБір күнде әлемге танылған 17 жастағы Сахар Табар
Бір күнде әлемге танылған 17 жастағы Сахар Табар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сахар Табар бет-әлпетін жұртқа қызықты етіп көрсету үшін әр суретіне фотошопты қолданып отырған

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. 17 жастағы ирандық Сахар Табардың суреті бір күнде бүкіл әлемге таралып кетті. Қыз "актриса Анджелина Джолиге ұқсау үшін 50 пластикалық операция жасатты" деп шулады газеттер. Дегенмен желі қолданушылары Сахарды "Голливуд жұлдызына емес, "Қалыңдық мәйіті" мультфильміндегі кейіпкерге ұқсатты. Ирандық қыз шын мәнінде қанша рет пышаққа түсті? Шынымен де Джолиге ұқсағысы келді ме? РИА Новости тілшісі Сахар Табармен хабарласып, осы сұрақтарға жауап алған екен.  

— Қолданушылардың пікірінше, сіздің профиліңіздегі фотосуреттер "қалыңдық мәйітін" еске түсіреді екен. Операциядан кейін шынымен де бет-әлпетіңіз осылай өзгерді ме?

 

 

— Әрине, жоқ. Бұл фотошоп және макияж. Суретімді жүктеген сайын мен бет-әлпетімді жұртқа қызықтырақ етіп көрсетемін. Бұл өз ойымды білдірудің бір әдісі, өнер десе де болады. Маған қызыға қарайтын адамдар түрім ондай емес екенін біледі.   

— Барлық БАҚ Анджелина Джолиге ұқсағыңыз келгенін жазды. Солай ма? 

— Шындығында олай емес. Тіпті Джолиге ұқсауды ойлаған емеспін. Сондай-ақ "Қалыңдық мәйіті" мультфильміндегі кейіпкерге де ұқсағым келмеген. Қазір олармен байланыстыратын ортақ нәрсе бар екенін түсінемін, алайда мен өз алдыма музамын және біреуге ұқсау — қара бастың қамы емес.  

— Қандай пластикалық ота жасаттыңыз?

— Мұрныма ота жасалған, еріндерімді ісірдім, липосакция жасаттым. Операциялардан қорқынышты ешнәрсе көріп отырған жоқпын: Мұнда, Тегеранда бір операция 10 миллион  Иран риалы (шамамен 93 мың теңге —ред.ескертпесі) тұрады.  

— 49 килограмм болу үшін қатты арықтап кетті деп жатыр?  

— Салмақ тастағаным рас. Бірақ 40 немесе 30 емес, бес алты-алты килограмм ғана. Қазір салмағым 54 килограмм тартады.

© Photo : Риа НовостиСахат Табар
Сахат Табар - Sputnik Қазақстан
Сахат Табар

— Бұған отбасыңыз қалай қарады? Иран — әдет-ғұрыпты қатаң ұстайтын мұсылман елі ғой.   

— Бастапқыда олар қарсы болды. Олар үшін пластикалық ота қалыпты нәрсе емес. Алайда қазір, бәрі сәтті өткеннен кейін ата-анам мені қолдап отыр. Ең бастысы осы.  

@raha_xti @raha_xti @raha_xti @raha_xti @raha_xti @raha_xti 👆🏻👆🏻👆🏻👆🏻👆🏻👆🏻👆🏻👆🏻👆🏻

Публикация от سحرتبر…!👾✌🏻 (@sahartabar_afficilalll) Ноя 11 2017 в 10:58 PST

Жаңалықтар
0