Елордада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары "Балбырауын", "Тепең көк" және "Қосалқа" күйлерін тартты.
"Біз — ұлы даланың балаларымыз" дәстүрлі флешмобына 40 оқушы мен олардың мұғалімдері қатысты.
"Бүгін НЗМ оқушылары мен мұғалімдері балалардың бойына өнер арқылы адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін аталған флешмобқа қатысып жатыр. Біз тәуелсіз еліміз — Қазақстан Республикасын мереке күндерімен құттықтап, сәлем жолдағымыз келді ", — дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің музыкалық-көркемдік жетекшісі Риза Рахымова.
Мектеп оқушысы Әбілмансұр Қазымбет флешмобқа қатысқанына қуанышты екенін айта келе, ел президенті мейірімді адам деп есептейтінін атап өтті.
Домбырашылардың жылсайынғы флешмобы Қазақстанның өзге қалаларында да өтті.