АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде ер адам кішкентай баланы аямай тепкені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Пікір қалдырған әйелдердің бірі ер адамды танып, ол Бішкектегі Ұлан-2 шағын ауданында тұратынын хабарлады.
Жазбада әкесі болуы мүмкін ер адам қарда жатқан балаға қарап тұрғаны көрінеді. Бала орнынан тұра алмай, қайта құлайды. Осыдан кейін ер адам жақындап келіп, теуіп жібереді де, орнынан жұлқып тұрғызады.