Қоғам

Елбасы қазақ тілін латынға көшірудің мәнін түсіндірді

© REUTERS / Shamil Zhumatov/Illustrationлатын әліпбиі
латын әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде ақпараттың 70 пайыздан астамы ағылшын тілінде екені белгілі

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Бүгін елордада "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесіп жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның латын әліпбиіне неге көшкелі жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Неге латын әліпбиі? Бүгінде ғылым, мәдениет туралы ақпараттың 70 пайыздан астамы ағылшын тілінде таралады. Ал ағылшын тілі, өздеріңіз білесіздер, латын әліпбиінде. Біз елімізде үштілділікті жарияладық. 2020 жылға қарай бірінші сыныптан бастайтындар мектеп бітіргенде ағылшын тілін білетін болады. Яғни ол балалар латын әліпбиін меңгерген деген сөз", — деді президент. 

Назарбаев заманға ілесіп, көштен қалмау маңызды екенін айтты. 

Латын әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды

"Қазақ лексикасындағы бірнеше әріп кириллицада жоқ. Қазақ тілінде Щ, Ъ, Ь, Ч, Я, Ц әріптері жоқ – мұның бәрі басқа адамдарға оқу-жазуды қиындатты.  Біз заманға ілесіп отыруымыз керек. Латын қарпімен бірге біз дамыған ортақ ақпарат әлеміне – интернет, ғылым мен мәдениет тіліне енеміз", — деді мемлекет басшысы. 

Айта кетсек, "Қазақстанның100 жаңа есімі" жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0