Бейсенбі Алматы мәслихатының сессиясында Фурманов көшесінің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Қала әкімі Бауыржан Байбек зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қала тұрғындары, әсіресе жастардан Назарбаевтың есімін мегаполистегі негізгі көшелердің біріне беру туралы ұсыныс көп түскенін атап өтті.