Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

© AP Photo / Sergei GritsАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыстың бірінші күніне арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғак болады, 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында бұрқасындатып, тұман болады деп болжануда.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

 

 


Жаңалықтар
0