Өңірлер

Сәтпаев қаласында кеншілер жалақыны 70%-ға көтеруді талап етіп жатыр

© SputnikСәтпаевтағы наразылық акциясы
Сәтпаевтағы наразылық акциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысшылар мен басшылық арасында келіссөз аяқталған соң әкімдік ресми мәлімдеме жасауға уәде берді

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Оңтүстік Жезқазған кеніші жұмысшылары мен "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы арасында еңбек дауы туындады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметі.

© SputnikСәтпаевтағы наразылық акциясы
Сәтпаевтағы наразылық акциясы - Sputnik Қазақстан
Сәтпаевтағы наразылық акциясы

Еңбек дауы 30 қарашада туындаған, оқиға орнында облыс әкімдігі өкілдері мен "Қазақмыс" компаниясы басшылығы бар.

"Келіссөз жүріп жатыр. Оқиға бақылауымызда", — дейді баспасөз қызметі.

Ресми мәлімдеме келіссөздер аяқталған соң жарияланады, деп мәлімет берді әкімдікте.

© Sputnik"Қазақмыс" жұмысшыларының талабы
Қазақмыс жұмысшыларының талабы - Sputnik Қазақстан
"Қазақмыс" жұмысшыларының талабы
Жаңалықтар
0