Астана, 30 қараша — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін Минскіде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) саммиті аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, шекарадағы жағдайды талқылауға ниеттеніп отыр.
БАҚ өкілдері Жээнбековтен Қазақстанмен арадағы кикілжіңді қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Ертең ҰҚШҰ-ның саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев та болады. Отырыста барлық мемлекет басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргіземін. Сондай-ақ Назарбаевпен де кездесіп, осы мәселені талқылаймыз деген үміттемін", — деді ол.