АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Синоптиктер демалыс күндері аздаған қар жауатынын айтты.
"Демалыс және мереке күндері Қазақстанның басым аумағында аздаған қар жауады. Ауа температурасы бұрынғысынша климаттық нормадан 3-5 градус жоғары", — делінген хабарламада.
Ал республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, ауа температурасы 1-2 градус төмен болады. Түнгі және таңертеңгі уақытта бірқатар облыста тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады деп болжануда.