Археологтар көне обалардан аттар мен аңшы құстардың сүйегін көп кездестірген.
Ертеректе жақсы үйретілген құсты бірнеше жүз жылқы мен түйеге сатып алған көрінеді. Халық ауызындағы әңгімелерге сүйенсек, ел басына жұт келгенде аңшы құстар бүтін бір ауылды асыраған.
Жақында Алматы облысындағы тау бөктерінде алпыстан астам бүркітші жиналып, құспен аң аулау шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылар Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген, тіпті Қытай мен Моңғолиядан ат арытып келген спортшылар да болды.
Жарыстың қалай өткенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыздар.

1/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Алматы облысындағы тау шатқалы – бүркітшілер жарысын өткізуге таптырмайтын жер.

2/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
50-ге жуық аңшы Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналды, араларында Қытай мен Моңғолиядан келген қонақтар да бар.

3/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Жарыс кезеңдерінің бірі – құстардың аңшылық шеберлігін көрсету. Олардың үйреншікті құрбаны – қоян немесе түлкі. Аспаннан шүйлігіп келіп, тап бергенде, жануардың тырп етуге мұршасы келмей, құстың олжасына айналады.

4/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Құстың иесімен өзара түсінісуі жеке бағаланады.

5/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Бүркіт иесінің даусын естіген бойда қайта оралып, қолына қонуы тиіс.

6/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Бүркітті балапан күнінен тоқымға үйретеді. Аңшы құсты ұшырып жіберіп, олжаны қанжығасына байлау үшін, атқа мініп шабады.

7/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Тәжірибелі бүркітшілердің айтуынша, ұзақ жаттығулар мен қажырлы еңбектің арқасында құс пен аңшы бір-бірін ерекше түсінетін болады.

8/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Құспен аң аулау ұлттық спорт түріне жатқызылған. Биыл Алматы облысы Нұра ауылында құрылған "Жалайыр Шора" орталығына отыз жыл толды. Бұл орталықтың мүшелері атадан келе жатқан дәстүрді әрі қарай жалғастыруға ат салысып келеді.

9/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Құспен аң аулауға баулитын мектептер Қазақстанның өзге қалалары, мәселен Көкшетау, Қарағанды, Тараз бен Атырауда бар.

10/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Ересек құсты қолға үйрету мүмкін емес, сондықтан бүркітті балапан күнінде ұясынан алып кетеді. Намысшыл құс тек бір ғана адамды иесі деп таниды.

11/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Бүркіт пен иесі өзгелерге ұғынықсыз, құпия тілде сөйлесіп, бірін-бірі үнсіз түсінетіндей көрінеді.

12/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Бүркітпен аң аулау - атадан келе жатқан ерекше салт-дәстүр. Кезінде жақсы үйретілген құсты алу үшін жүздеген жылқы немесе түйе берген екен.

13/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Бүркітшілер арасында аңшы құспен айнымас дос болған нәзікжандылар да кездеседі.

14/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Аң аулаған бүркітке бір кесек ет беріп, ынталадырып отырады. Аңшы құс олжасын иесіне оңай беру үшін, қарны тоқ болғаны жөн.

15/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Бүркіт өзін тыныш ұстауы үшін, осындай тұмылдырық кигізіп қояды.

16/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Көзі өткір бүркіт қоянды екі километр қашықтықтан байқайды екен.

17/17
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Алғыр әрі ақылды құс кімді болсын еріксіз баурап алары сөзсіз!
