АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Ақтөбе облысы тұрғынына бұрынғы күйеуіне интернет арқылы тіл тигізгені үшін айыппұл салынды. Ол жәбірленушіге моральдық шығынды өтейді, деп жазады "Диапазон" өңірлік басылымы.
Ер адам WhatsApp мессенджерінде өзін балағаттаған бұрынғы әйеліне қарсы сотқа шағым түсірген. Арыз беруші моральдық шығын ретінде 600 мың теңге сұрапты.
Әйел бұрынғы күйеуін "бейшара", "арамқатқыр есек" деп тілдеген.
Сотта 28 жастағы әйел ер адамға тіл тигізгісі келгенін мойындапты, өйткені бұрынғы күйеуін "жек көреді".
Қарғалы аудандық соты әйел адамды айыпты деп танып, 56 мың теңге айыппұл салды. Ал бұрынғы күйеуіне моральдық шығын ретінде 10 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.