Қоғам

Қазақ елі Мұзафар Әлімбаевты ақтық сапарға шығарып салды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМұзафар Әлімбаевпен қоштасу
Мұзафар Әлімбаевпен қоштасу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрнекті ақынмен қоштасу рәсімі Әуезов атындағы драма театрда өтті

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Алматыда еліміздің алғашқы әнұраны авторларының бірі, ақын Мұзафар Әлімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қазақстанның халық жазушысы 26 қараша күні 94 жасында дүниеден озған болатын. 

 Әуезов атындағы драма театрда өткен жаназаға белгілі қазақ ақынының туыстары мен достары, әріптестері келді.     

Азалы жиынға Алматы әкімі Бауыржан Байбек те қатысып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеделхатын оқып берді. Онда ақынның қазақ әдебиетін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқаны айтылған. 

Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті
Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.  

1948 жылы Армиядан оралған соң, "Пионер" журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956–1958 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары. 1958 жылы "Балдырған" журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы болды. 

Алғашқы кітабы – "Қарағанды жырлары" 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бірнеше дүркін таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты. 

Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы. 

Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде "Мен – түрік мейманы" (1963), қырғыз тілінде "Жолдар. Ойлар. Жырлар"(1966) жинақтары жарық көрген. 

1982 жылы "Аспандағы әпке" жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 

Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Отан" орденімен марапатталған.  

 

Жаңалықтар
0