Қоғам

Еліміздің 12 облысында тұман түседі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТұман, күз
Тұман, күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер сондай-ақ бүгін Қазақстанның солтүстік-батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжап отыр

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik.  Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте кей жерлерінде қар-жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады,  жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".

боран, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Биыл қыс ерте түсе ме? Синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын айтты
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз тұман басады. 

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанып отыр.


Жаңалықтар
0