Әлем

Ресейде тұңғыш балаға ай сайын жәрдемақы төленбек

© Photo : Harald_LandsrathЖаңа туған бала
Жаңа туған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір жарым жасқа дейін жәрдемақы төлеу елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Ресейде отбасындағы тұңғыш балаға ай сайын ақшалай көмек берілмек, деп хабарлайды РИА Новости.

 

адамдар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек
Бастаманы Ресей президенті Владимир Путин балалардың мүддесіне іс-әрекет етудің ұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында көтерді.  

"Бала тууды ынталандыру үшін 2018 жылдың қаңтар айынан ресейлік отбасыларды қолдаудың бірқатар жаңа шарасын жүзеге асыра бастауды ұсынамын. Ең алдымен тұңғыш бала туған кезде бір жарым жасқа дейін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемді бекіту керек", — деді Путин.

Жәрдемақы нақты өңірде бекітілген баланың ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлеміне байланысты болады. Келесі жылы ол орташа 10 523 рублді (59 910 теңге) құрайды.  

 


Жаңалықтар
0