АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Санкт-Петерборда тұратын дәрігер Қазақстанда интернет арқылы терроризмге шақырды деген күдікке ілінді.
Тергеу нұсқасы бойынша, 26 жастағы жігіт биыл жазда Қазақстанда болған. Сол уақытта ол әлеуметтік желілерде терроризмді жақтаған мәтіндер жариялап, сол арқылы азаматтардың өшпенділігін туғызған.
"Күдікті қамауға алынды, қазір оған айып тағу мәселесі шешіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда", — делінген Ресей Тергеу комитеті Санкт-Петербор бойынша бас тергеу басқармасының хабарламасында.
Терроризмге ашықтан-ашық шақыру фактісіне қатысты Ресей қылмыстық кодексінің 205.2-бабы 2-тармағы, 282-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық істер қозғалды.