Өңірлер

АШМ Алматы облысындағы "балықты қырып-жою" видеосын тексеріп жатыр

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуБалық аулау
Балық аулау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеті табиғатқа зиян келтіру жайты орын алса, бірден хабар беруді сұрайды

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Желіде жарияланған, су қоймасында заңсыз балық алу сәті түсірілген видеоны тексеріп жатыр.

Интернетте таралған видеода ер-азаматтар тобы жануарларды ұстағалы жатыр. Автордың айтуынша, олар балықтарды қырып-жоймақшы, құқық қорғау органдары өкілдерінің ескертуіне құлақ аспайды.

​"Қадірлі достар! Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті осы видеоға түсірілген оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осындай жайтқа куә болсаңыздар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына немесе министрлікке хабар беруді сұраймыз. Бәріміз бірге табиғатты қорғап, аялайық", — деп пікір білдірді комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.  

Видео авторының сөзіне сүйенсек, оқиға Алматы облысы Бұрындай ауылында болыпты.

Жаңалықтар
0