Қоғам

Астанада мас адам бірнеше көлікті бүлдірді

© Sputnik / Медиабанкке өтуБүлінген көлік
Бүлінген көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт достарымен ішіп, масайраған соң біреудің мүлкін бүлдіруге көшеге шыққан

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Астана қаласы Алматы ауданы аулаларының бірінде ер адам тұрақта тұрған бірнеше көлікті бүлдірді, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Астанада жартылай жалаңаш жанжалқой бірнеше көлікті қиратты - Sputnik Қазақстан
Видео
Астанада жартылай жалаңаш жанжалқой бірнеше көлікті қиратты

Көліктердің иелері полицияға шағым түсірген соң 28 қараша күні таңғы үш кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Ұсталған азаматтың айтуынша, достарының үйінде ішімдік ішіп, аулаға шыққан соң тұрақта тұрған көліктерді бүлдірген.

Қазіргі уақытта Ғабдуллин көшесінің ауласында тұрған сегіз көліктің бүлінгені белгілі. Көліктердің әйнегі шағылып, әр жері майысып қалған.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары атқарылуда.

Жаңалықтар
0