АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Алматы қаласы Рысқұлов көшесі бойында түнде жаяу жүргінші көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Рысқұлов даңғылында, Емцов және Немирович-Данченко көшелері арасында, "Массагеттегі" бұрылысқа қарама-қарсы жерде 30-35 жастағы ер адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болады, алайда қауіпті ескермеген екен.
Сол кезде даңғыл бойында Volkswagen Passat көлігі келе жатады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, жүгіріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
© Sputnik / Куәгерлер ұсынғанКөлік астына түскен жаяу жүргінші
Көлік астына түскен жаяу жүргінші
© Sputnik / Куәгерлер ұсынған
Зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші мас болған. Болған оқиғаның мән-жайын қала полициясы анықтайтын болады.