АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Астанада жер үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазір оқиға орнында өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеуде.
"Жер үй Ә.Молдағұлова көшесі ауданында. Алдын ала болжам бойынша, 80 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеп жатыр, тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары жүргізілуде. Толығырақ ақпаратты кейін хабарлаймыз", — деді Иманқұлов.