Өңірлер

Тағдыр тәлкегі: Көкшетау тұрғыны басқа біреудің үйіне кіріп, ұйықтап қалған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕр адам басын ұстап отыр
Ер адам басын ұстап отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кешқұрым үйіне мас күйде қайтып келе жатқан ер адам жеке үйлердің бірінің терезесін сындырып, ішіне кірген

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Көкшетауда мас ер адам басқа біреудің үйіне кіріп кетіп, сол жерде ұйықтап қалған, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.   

 Осы жылдың 26 қарашасында Көкшетау ІІБ кезекші бөліміне қала маңындағы Красный Яр ауылының 38 жастағы тұрғыны арызданған. Зардап шегуші үйіне бөтен біреу түскенін, алайда үйден ештеңе де ұрланбағанын айтқан. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары ауылдың бұрын сотталған 44 жастағы тұрғынын қолға түсірді. 

Белгілі болғандай, сол күні кешқұрым үйіне мас күйде қайтып келе жатқан ер адам жеке үйлердің бірінің терезесін сындырып, ішіне кірген. Үй иесі ұйқыға кеткен адамды көрісімен бірден полицияға хабарласқан. Бөлмелердің бірінде ұйықтап жатқан азаматты  полицейлер бөлімшеге жеткізді. Ол мас болғандықтан үйлерді шатастырып алғанын айтқан. 

Қазіргі кезде болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 149-бабының 1-бөлімі (тұрғын үйге қолсұғушылық) негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оған үш жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы, түзету жұмыстарына немесе екі жүз қырық сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін немесе жетпіс бес тәулікке қамауға алу түрінде жаза қолданылады. 

 

Жаңалықтар
0