Саясат

Қазақстан Наурызда Орталық Азия елдері президенттерінің басын қоспақшы

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтеді

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Қазақстан Наурыз мерекесінде Орталық Азия елдері президенттерінің басқосуын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінде Орталық Азияда дәстүрлі достық және бауырластық қарым-қатынастың нығаюы байқалады. Осы орайда біз Орталық Азия елдері басшыларының бейресми консультацияларын өткізу бастамасын жандандыруды көршілерімізбен қарастыратын боламыз. Елбасының төрағалығымен өтетін бұл кездесуді Наурыз мейрамында өткізсек деген ниетіміз бар", — деді Әбдірахманов бүгін Тұңғыш Президент күніне арналған "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" халықаралық парламенттік конференциясында. 

Бұдан бөлек, ол келесі жылы күзде Астанада әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының алтыншы съезі өтетінін атап өтті. 


Жаңалықтар
0