Өңірлер

Ауа райы болжамы: қар жауып, температура төмендейді

© Sputnik / Елена Бережнаяқар
қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

"Қазақстанда қараша айының соңына дейін жылы ауа райы сақталды, ауа температурасы климаттық нормадан 5….10 градусқа жоғары болды. Бірақ осы демалыс күндері солтүстік және шығыс облыстарда қыстың жақындап келе жатқаны сезілді", — дейді синоптиктер. 

Алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен республикамыздың барлық облыстарында қар жауады деп болжанып отыр.  

Оңтүстік облыстарда жабысқақ қар жауып, тұман және көктайғақ болады. Ауа температурасы нормаға сәйкес және нормадан 1…3 градусқа төмен болады. 

"Тек солтүстікте ғана емес, оңтүстік облыстарда да осындай ауа райы күтіледі", — деп хабарлайды Қазгидромет.

Жаңалықтар
0