Әлем

Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАлмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Сооронбай Жээнбеков ұлықтау рәсімінде алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде берген еді

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы лидері Алмазбек Атамбаевқа "Ак Шумкар" ерекше белгісімен бірге "Қырғыз Республикасының Батыры" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Сооронбай Жээнбековтің президент кабинетіндегі алғашқы минуттары — видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Атамбаев жаңа президентке жұмыс кабинетін көрсетті – видео

24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде беріп, президент қызметіндегі жетістіктері үшін ризашылық білдірген еді. Осыдан кейн Атамбаев көзіне жас алды. 

"Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, халық бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, Қырғыз Республикасының тұрақты дамуына берік негіз қалағаны үшін, сондай-ақ көрсеткен саяси ерік-жігері мен батылдығы үшін Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0