АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бір рейс кейінге қалдырылып, екеуі кешіктірілді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, жексенбіде Бішкекке уақытымен сағат 19:00-ден кейін ауа райы бұзылды.
Диспетчерлік хабарлағандай, Ош қаласына аттанатын екі рейс кешіктірілген. Оның ішінде Алматыдан келген ұшақ қона алмай, кері ұшып кетті.
Алматы – Бішкек рейсі 28 қарашаға шегерілген.