АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Жол апаты бүгін таңғы сағат 8-дің шамасында болды, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.
БҚО жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Габдуллиннің айтуынша, "ВАЗ 2114" және "Фольксваген" автокөліктері Орал-Ақсай автожолының 68 километрінде бетпе-бет соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ" маркалы автокөлік Орал қаласына қарай келе жатып, трассаның 68 километрінде жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол "Фольксваген" көлігімен соқтығысты. Салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза болды. "Фольксваген" жүргізушісі Теректі ауданының орталық ауруханасына жатқызылды", — деді Манарбек Габдуллин.
Оқиға орнында полицейлер мен криминалист срапшылар жұмыс істеп жатыр.