АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Ресейлік Сергей Ковалев украиналық боксшы Вячеслав Шабранскийді жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титуылын жеңіп алды.
Жекпе-жек Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтті. Жеңіске жету үшін ресейлікке екі раунд жеткілікті болды. Алғашқы раундта ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Екінші раундта нокдауннан соң рефери жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылдады.
Бұл Сергей Ковалевтің америкалық Андре Уордқа екі рет есе жібергеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болатын. Уорд бокстан кетіп, WBO титулы бос қалған еді.
Айта кетейік, бокс кешінің андеркартында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов америкалық Эрик Мунды нокаутпен ұтты.