АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабе өмірінің соңына дейін айына 150 мың доллар жалақы алып тұрады, деп хабарлайды РИА Новости Guardian газетіне сілтеме жасап.
"Зимбабве африка ұлттық одағы — Патриоттық майдан" (ZANU-PF) билік партиясының мәліметінше, президенттік лауазымнан кету туралы келісім Мугабеге заңды иммунитет беруді қарастырады, сондай-ақ ақашалай төлемақыға кепілдік береді. Атап айтқанда, экс-президент бірден 5 миллион доллар алады, содан кейін елдің жаңа билігі Мугабеге тағы бірнеше аударым жасайды.
15 қарашада әскерилер Мугабені үйқамаққа алған болатын. Президент отставкаға өз еркімен кетуден бас тартты. Дегенмен ZANU-PF парламентте импичмент рәсімін бастағаннан кейін Мугабе тақты босатуға мәжбүр болды.
Билік партиясы президенттік лауазымға ұсынған бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва бұл қызметті 2018 жылдың тамызында өтетін келесі сайлауға дейін атқарады.