Әлем

Лондонда бойын үрей билеген жұрттың кептелісінен 15 адам зардап шекті

© AFP 2024 / Daniel LEAL-OLIVASПолицейлер
Полицейлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қара жұмада" күтпеген жерден жұрттың бойын үрей билеп, Оксфорд-серкус станциясында кептеліс басталды

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Оксфорд-серкус станциясында атылған оқтың үні естілгендей болып, "қара жұмаға" жиналған жұрттың бойын үрей биледі. Салдарынан он бес адамнан астам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости Лондонның жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап.

Сан-Паулуда арзан теледидарға таласқан жұрт дүкеннің ішінде сығылысып қалды - Sputnik Қазақстан
Видео
Сан-Паулуда арзан теледидарға таласқан жұрт дүкеннің ішінде сығылысып қалды

Оқиға жұма күні қарбалас уақыттта, рождество алдындағы жеңілдіктер кезінде болған. Атыс туралы хабар полицияға 16.37 (21.37 аст) кезінде жетіп, оқиға орнына Британиялық көліктік полиция мен Скотланд-Ярд қызметкерлері келіп жеткен. Бірақ олар станцияда атыс болғаны туралы мәліметті растаған жоқ.

"Біз Oxford Circus ауданынан кетіп бара жатып, жарақат алған науқастарға жәрдем бердік. Жеті пациентті оқиға орнында қарап, сегізін Лондонның орталық ауруханаларына жеткіздік. Тағы бір науқас аяқ жарақатын алып травматологиялық орталыққа жеткізілді", — деп хабарлады жедел жәрдем қызметі Twitter желісінде.

Ұлыбританияның көліктегі полициясы метро платформасында екі адам арасында төбелес шыққанын хабарлаған. Бұл дерек бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.

Жаңалықтар
0