АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Ресейдің әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Қазақстандағы полигонда ПРО жаңартылған зымыран жүйесін іске қосуды сәтті түрде жүзеге асырды, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.
Сынақ Қазақстандағы Сарышаған полигонында жүргізілген.
"ПРО жүйесінің жаңа зымыранға қарсы құралы тапсырманы сәтті түрде орындап, белгіленген уақытта шартты нысанаға дөп тиді", — деп мәлімдеді Әуе-ғарыштық күштерінің әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бірлестігі қолбасшысының орынбасары, полковник Андрей Приходько.
Зымыран шабуылына қарсы жүйе Әуе-ғарыштық күштердің қарамағында және Мәскеуді әуе-ғарыштық шабуылдардан қорғауға арналған.