АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Ақтауда зейнет жасындағы әйел адам биік тұрғын үйдің терезесінен құлап, дәрігерлер келгенше көз жұмды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Құлау салдарынан зардап шегуші көптеген жарақат алған, оның ішінде сол аяғы мен оң жақ қолы ашық сынған.
Жедел жәрдем қоңырау түскеннен соң бес минутта жеткенімен, әйел адамды құтқара алмады.
63 жастағы әйелдің өлімі дерегі бойынша "Суицид" бабына сәйкес қылмыстық іс тергелуде.