Сочиде Иран, Ресей және Түркия мемлекет басшылары – Хасан Роухани, Владимир Путин және Режеп Тайып Ердоған арасында үшжақты келіссөз жүргізіліп, соның нәтижесінде президенттер Сирия бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.
Бірлескен баспасөз мәслихаты аяқталған кезде Путин тұрып, Ердоғанмен қол алысады да, орындығын артқа итерем дегенде, орындық гүрс етіп құлап түсті.