АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Ғалымжан Ниязов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны қала активіне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов таныстырды, деп хабарлайды lada.kz.
Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов 1973 жылдың 14 сәуірінде туған. Бұдан бұрын «СК-Фармация» ЖШС департамент директоры лауазымын атқарған. Үйленген, төрт баласы бар.
Ақтау қаласын 2016 жылдың 10 шілдесінен бастап Серікбай Тұрымов басқарған болатын. Ол қазанда №6 округ бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Ал Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына 22 қарашада сайланды.
Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары Ақтау әкімі қызметіне жеті адам тағайындалды.