Қоғам

Тәуелсіздік жылдары ішінде 820 полиция қызметкері қаза тапты – ІІМ

© Photo : СЦКАлмас Садубаев
Алмас Садубаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер органдарының 108 қызметкері қаза болғаннан кейін мемлекеттік наградамен марапатталды

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. 1991 жылдан бері елімізде 820 полиция қызметкері қызмет бабында қаза тапты. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қысқы тас жол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында полицей құқық бұзушының соңынан қуамын деп қаза тапты
«Тәуелсіздік жылдары ішінде ішкі істер органдарының 1026 қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды. Оның ішінде 108-і – қаза болғаннан кейін. Тәуелсіздік жылдары ішінде 820 полиция қызметкері қызмет бабында қаза тапты. 2232 полиция қызметкері жарақат алды», — деді Садубаев. 

Департамент директорының айтуынша, ішкі істер министрлігіне полицейлерден бөлек, төтенше жағдайлар комитеті, ұлттық ұлан, қылмыстық-атқару жүйесі комитеттері кіреді. Сондықтан атқарылып жатқан жұмыстар өте орасан. 

«Ең бастысы, жүз мыңдаған қызметкердің патриоттық сезімі өте жоғары екенін айтқым келеді. Ішкі істер министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар атқарып жатыр»,- деп түйіндеді сөзін ол.


Жаңалықтар
0