Өңірлер

Екібастұзда оқушының бұйымын ломбардқа өткізген мұғалім жұмыстан қуылуы мүмкін

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуСынып
Сынып - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім беру мекемесі әкімшілігі мұғалімді бап бойынша жұмыстан қуады немесе еңбек шартын бұзады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Екібастұзда жоғары сынып оқушысының алтын әшекейін алдап-сулап алып, ломбардқа өткізген сынып жетекшісін жұмыстан шығару мәселесі шешілуде, деп хабарлады қалалық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жазира Хамзабаева Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

"Қазір біз оны жұмыстан шығару мәселесін шешіп жатырмыз. Түсініктеме жазып берді, бұл жайттың шынымен болғанын растады, — деді Жазира Хамзабаева. – Мұғалім 21 қарашада өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш тапсырды, бірақ одан бұрын ем алу үшін демалыста болғанын растауы тиіс, өйткені 9 қарашадан бастап жұмысқа шықпаған"

Хамзабаеваның сөзіне сүйенсек, 9 қарашада мұғалім таңертең хабарласып, ауырып жатқанын айтқан, ал түсініктемеде анасының сырқаттанып қалғанын жазыпты.

"Еңбек инспекциясынан хат күтеміз. Мектеп әкімшілігі оны жұмыстан қалай шығаруы тиіс – бап бойынша ма, әлде өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазғандықтан, еңбек шартын бұзуы керек пе?", — деді Хамзабаева.

Жаңалықтар
0