Экономика

Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады

© Sputnik / Еркин СалиховШұбаркөл
Шұбаркөл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыста зауыт құрылысы 2018 жылы басталады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қарағанды облысында келесі жылы жарылғыш шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағанды облысының әкімі Октябрь атауы неге қазақшаланбай отырғанын айтты

"Жақында өнеркәсіптік жарылғыш өндірісі бойынша жоба қолға алынады. Ол тау-кен саласында сұранысқа ие. Зауыттың құрылысы келесі жылы арнайы экономикалық аймақта басталады. Бұл ішкі өндіріс үшін де қажет: біз жарылғыштарды өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін үлкен көлемде сатып аламыз, бұл "Қазақмыс"және де басқа да біздің компаниялар", — деді облыс әкімі. 

Қошановтың айтуынша, қазіргі таңда жоба инвесторы мен оның құнына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Қарағандыда "Сарыарқа" әуежайы аумағында халықаралық пошта хабын құру жобасы пысықталуда.

Жаңалықтар
0