Оқиға

Баланы қағып өлтірген жүргізуші алдымен көлігін айналып тексеріп шыққан

© Sputnik / Серикжан КовланбаевҚоршау
Қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл сұмдық оқиғаны шұғыл көмекке барған дәрігерлер мен полицейлер де еске түсірді

АСТАНА, 22 қараша— Sputnik.  Таяуда Талдықорғанда болған жантүршігерлік жол апаты жайлы Алматы облысының полицейлері ұйымдастырған краш-курста көз жұмған баланың туыс әпкесі – мектеп оқушысы айтып берді, деп хабарлайды patrul.kz. 

 Nexia жүргізушісі «Жаяу жүргіншілер жолағы» деген белгіні елемей, тура жолақ үстімен өтіп бара жатқан екі баланы қағып кеткен. Оқушы қыз ажалдан аман қалды, ал оның 5 жасар жиен інісі сол жерде көз жұмды. Бұл сұмдық оқиғаны сонда барған дәрігерлер мен полицейлер де еске түсірді. Аман қалған қызға сол сәтті еске алудың өзі оңай емес екені көрініп тұрды.

Сол күні әкесінің туған күні еді. Мектептен кейін қосымша сабақтары біткен соң оқушы балабақшадан жиен інісін алып келетін болды. Олар үйлеріне асыққан. Отбасылық мереке құрметіне жайылған дастарқан басында туысқандар жиналып та қалған. Бірақ…балаларының үйлеріне аман-сау оралуын көру олар үшін арман болып қалды.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Маңғыстаудағы ірі жол апаты: бір адам қайтыс болып, жетеуі зардап шекті
Балалар әдеттегідей жолмен үйлеріне қайтып бара жатқан: жүргіншілер жолағымен аялдамаға қарай. Бір бағытта келе жатқан көліктер балаларды көре салып, тоқтай кетті. Жолдың ортасына жеткенде інісін жетектеген қыз қарама-қарсы қозғалған машиналардың тоқтайтынына көзі жеткенше, сәл кідіріңкіреді. Жүк көлігі мен жеңіл көлік жол ережесін бұзбай, тоқтай қалды. Сөйтіп, еш күдіктенбей, балалар алға қадам жасады. Алайда, жолдың үшінші қатарымен келе жатқан автоның тоқтамай кететіндігі ешкімнің ойына да келмеді… Тозығы жеткен жеңіл көлік балаларды қағып түсірді. Жасөспірім қыз аяқ-қолы сынып, ауыр жарақат алды. Бес жасар ұл болса – бірнеше метрдей жерге "ұшып" барып, бірден мерт болды. Жол апатына себепші болған жүргізуші бірден тоқтай салып, зардап көрген балаға көмекке жүгіріп барудың орнына машинасын айналып, тексеріп шыққан. Бұл жағдай жаны қиналып, жерде бүрісіп жатқан қыздың есінде сақталып қалыпты.

Бұл оқиға жайлы сол жерге көмекке жеткен дәрігерлер де, полицейлер де сезімдерін жасыра алмай, әңгімелеп берді. Тамақтарына өксік тығылып, сөздері әрең шықса да, олар жиналғадардан әр кезде жолда абай болуды және жол ережелерін бұзбауды өтінді.


Жаңалықтар
0