Қоғам

Қазақстанда бір жарым жыл ішінде 7 колония жабылды

© Sputnik / Табылды КадырбековТергеу абақтысындағы күдіктінің архивтегі фотосы
Тергеу абақтысындағы күдіктінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде сотталғандар саны едәуір қысқарды

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Қазақстанда сотталғандар санының азаюына байланысты колониялар жабылып жатыр. Бұл туралы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бүгінде республика қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды қолдану аясын кеңейту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. 

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қасымов: соңғы жылдары түрме халқының саны айтарлықтай азайды
"Соңғы жылдары елдің "түрме халқы" едәуір азайды. Мәселен, 2011 жылы 57 мың сотталған азамат болса, биыл олардың саны – 35,5 мың", — деді Садубаев. 

Егер 15 жыл бұрын Қазақстан сотталғандар саны жағынан әлемдік рейтингте АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында тұрса, қазір еліміз – 68-орында. 

"Сотталғандар санының қысқаруына байланысты, министрлік коммуналдық-тұрмыстық жағдайы нашар мекемелерді жою туралы шешім қабылдады. Осылайша, соңғы бір жарым жыл ішінде жеті колония оңтайландырылды",- деді Садубаев.


Жаңалықтар
0