АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының ықпалы болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, температура 5-10 градусқа климаттық нормадан жоғары күйінде сақталады. Тек республикамыздың шығысы мен оңтүстігінде нормаға жақын болады", — дейді синоптиктер.
Алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның атмосфералық фронттары шығысқа ығысып, алғашқы күндері батыста, ал 25 қарашадан республиканың басқа да облыстарында жабысқақ қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстікте жаңбыр, кей жерлерде тұман, солтүстік облыстарда көктайғақ болады.