Саясат

Әскерилер жалақысын көтергені үшін Назарбаевқа ризашылық білдірді

© Photo : Министерство обороны РКҚазақстанның әскери қызметкерлері Әскери ойындар-2017 сайысына аттанды
Қазақстанның әскери қызметкерлері Әскери ойындар-2017 сайысына аттанды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті

АСТАНА, 22 қараша – Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау департаменті басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеуден кімдер босатылатынын айтты
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді.

Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0